United States
Сіздің қалаңыз United States?
Басқасын таңдау

Германиядағы тағылымдама: сұрақтарға жауаптар

Германиядағы тағылымдама

Жұмысқа қабылдау ашылды

Туризм немесе қонақжайлық саласында бір жылға дейін жұмыс тәжірибесін ал да, елді шарлап жүріп, неміс мәдениетін танып-біл.

нен €1198
Бағдарламаға қатысу үшін неміс тілінің қандай деңгейі қажет?

Неміс тілінің деңгейі кемінде UpperIntermediate болуы тиіс.

Тек ағылшын тілімен қатысуға бола ма?

Мұндай мүмкіндік бар, егер тіл деңгейі UpperIntermediate-ден төмен болмаса. Алайда бәрі тағылымдама өтетін орын мен жұмыс берушінің шарттарына байланысты.

Тіл деңгейі ұсынылған лауазымға әсер ете ме?

Иә! Кәсіби тағылымдамадан өту үшін неміс және/немесе ағылшын тілдері бойынша жеткілікті білім мен дағдыға ие болу өте маңызды. Неміс тілін жақсы меңгерген бағдарлама қатысушылары анағұрлым қызықты тағылымдама орнын алу мүмкіндігіне ие.

Тіл білу бойынша сұхбаттан өту қиын ба?

Internship in Germany бағдарламасына тіркелудің кезеңдерінің бірі — бағдарламаның демеушісімен Skype арқылы сұхбат. Сұхбат еркін форматта, жалпы және қарапайым тақырыптарда өтеді — қайда оқисың немесе қай ЖОО-ны бітірдің, неге бағдарлама бойынша барғың келеді, хоббиің және тағы басқа.

Бағдарламаны қалай төлеуге болады?

Орталықта келісімшартқа қол қойғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде еуро 300 мөлшерінде кіру жарнасы төленеді. Бағдарлама құнының екінші бөлігі демеуші тағылымдама орнын тапқаннан кейін және қатысушы оны растағаннан кейін, 14 күнтізбелік күн ішінде төленеді.

Мен бағдарлама аяқталғаннан кейін саяхаттай аламын ба?

Германиядағы тағылымдама бағдарламасы аясында, қатысушылар ел ішінде тек демалыс күндері ғана сапар шегеді. Сондықтан алдын ала (кем дегенде 2 апта бұрын), жұмыс берушімен келісіп алған жөн. Мүмкін ол көбірек демалыс берер немесе тағылымдама кестесін басқаша құрастырар.

Қай салаларда тағылымдамадан өтуге болады?

Қазіргі уақытта тағылымдама туризм және қонақжайлылық саласында ұсынылады.

Өзіңізбен бірге қосымша қаражат алып жүру қажет пе?

Міндетті түрде қажет. Германияға келгенде, бағдарлама қатысушыларына өздерімен бірге кемінде еуро 900- 1150 болғаны ұсынылады. Қатысушылардың тамақтану, тұру және қоғамдық көлікке кететін шығындары болуы мүмкін.

Германияға қашан ұшуға болады?

Келудің оңтайлы күнін бағдарлама демеушісі ұшуға 2-4 апта қалғанда белгілейді. Бағдарлама қатысушылары билеттерді тек демеуші келу күндерін жібергеннен кейін ғана сатып алуы тиіс.

Қатысушылар қайда тұрады?

Көптеген жұмыс берушілер тұратын орын ұсынады, бірақ ол әрдайым тегін емес — жұмыс беруші жалдау ақысын еңбекақысынан ұстап қалуы мүмкін.
Қатысушылар Германияға келмей тұрып орналастырылады. Спонсор немесе жұмыс беруші тұратын орын табуға көмектесе алады. Шамамен құны euro 250-450 (жұмыс берушінің орналасуына байланысты).

Біз досым екеуміз бірге барамыз, бір қалада жұмыс істей аламыз ба?

Бұл мүмкіндік бар, бірақ кепілдік берілмейді. Рәсімдеуге өтінім берген кезде бірге баратын досыңыздың аты мен тегін көрсету қажет болады.

Жұмыс істегім келетін қаланы таңдауға бола ма?

Бағдарлама қатысушылары орналасу бойынша жеткілікті «икемді» болуы керек — тағылымдама Германияның кез келген қаласында өтуі мүмкін.

Ең төменгі жалақы қандай?

Жалақы жұмыс беруші тарапынан жеке белгіленеді. Әдетте алғашқы үш айда қатысушылар айына €800-ге дейін немесе сәл азырақ алады. 3 айдан кейін жалақы ең төменгі мөлшерлеме деңгейіне дейін (сағатына шамамен €9.19) немесе сәл көбірек өседі.

Екі жұмыс берушіде жұмыс істеуге бола ма?

Барлық жұмысқа рұқсаттар тек бір нақты жұмыс берушінің атына рәсімделеді, сондықтан екі жұмыс берушіде тағылымдамадан өту мүмкін болмайды.

Қатысушылар қашан жалақы алады?

Әдетте жалақы айдың басында төленеді. Яғни, қатысушылар алғашқы жалақыларын екінші жұмыс айының басында алады.

Қатысушылар жалақыны қалай алады?

Жұмыс берушілердің басым көпшілігі жалақыны кредиттік картаға төлейді,бірақ Германияда бағдарлама қатысушылары үшін банктік шот ашу біршама қиын. Уайымдаудың қажеті жоқ — IEC офисі бұл жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы ақпарат береді.

Ал салықтар ше?

Жұмыс беруші қызметкерлер үшін салықтарды төлейді, олар жалақыдан ұсталады. Бұл салықтарды келесі жылы қайтарып алуға болады.

Бағдарламалар

Бағдарлама таңдау
Балалар лагерлері