АҚШ-тағы тағылымдамалар: сұрақтарға жауаптар
АҚШ-та тағылымдамалар
АҚШ-тағы тағылымдамалар бағдарламалары сіз үшін америкалық бизнес пен алдыңғы қатарлы жұмыс әдістері әлеміне есік ашады. Дағдыларыңызды жетілдіріңіз, беделді компанияларда жұмыс істеңіз және қалаған салаңызда мансабыңызды дамытыңыз!
Бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілінің қандай деңгейі қажет?
Internship self-arranged бағдарламасының нұсқасы үшін ағылшын тілін білу деңгейің кемінде Intermediate болуы тиіс, Trainee self-arranged нұсқасы үшін кемінде Upper-Intermediate. Premium placement бағдарламасының нұсқасында ағылшын тілі деңгейі кемінде Intermediate. Кәсіби терминологияны меңгеру дағдылары ерекше маңызды.
Ағылшын тілі бойынша сұхбаттан өту қиын ба?
Бағдарламаға қатысу үшін алғашқы қадам — IEC орталығындағы сұхбат. Сұхбат еркін форматта, жалпы тақырыптарда — қайда оқитының, неге бағдарлама бойынша барғың келетіні, хоббиің және басқасы.
Бағдарлама үшін қалай төлеуге болады?
Орталықта шартқа қол қойғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде USD 600 + USD 220 (Sevis fee) мөлшерінде тіркелу жарнасы төленеді. Бағдарлама құнының екінші бөлігі бағдарлама демеушісі қатысушыны бағдарламаға қабылдағаннан кейін немесе қатысушыға тағылымдама орны табылғаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде төленеді.
Жұмыс берушіні іздеу қалай жүзеге асырылады?
Бағдарламаның self-arranged нұсқасында қатысушылар АҚШ-та қабылдаушы компанияны өздері іздейді. Жұмыс беруші табылып, тағылымдама жоспары ұсынылғаннан кейін ғана бағдарламаға ресімдеу басталады. Premium placement нұсқасында демеуші қонақжайлық саласында бір тағылымдама орнын іздейді.
Егер бұрын Work and Travel USA бағдарламасы бойынша жұмыс істеген болсам, бағдарламаға қатыса аламын ба?
Бұл жағдайда Work and Travel бағдарламасы бойынша жұмыс істеген сол жұмыс берушіде тағылымдамадан өтуге тыйым салынады.
self-arranged нұсқасында қандай мамандану бағыттары бойынша тағылымдамадан өтуге болады?
Тағылымдаманың мүмкін салаларымен танысу үшін, (PDF, 90,7 КБ)жүктеп ал салалар тізімін (PDF, 90,7 КБ).
self-arranged нұсқасында тағылымдамаларға қандай шектеулер мен тыйым салынған салалар бар?
Тізіммен танысу үшін, тыйым салынған тағылымдамалар мен шектеулер тізімін жүктеп ал. (PDF, 108,4 КБ)
Менің жұмыс берушім бағдарламаның шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін қалай білуге болады?
Осы үшін саған жұмыс берушіге қойылатын талаптар тізімімен танысу қажет. (PDF, 90,7 КБ)Жұмыс берушіге қойылатын талаптар тізімін жүктеп ал. (PDF, 61,8 КБ)
Бағдарламаның ұзақтығы қандай?
Бағдарлама нұсқасына байланысты. Internship self-arranged program бойынша бағдарламаның ұзақтығы 1-ден 12 айға дейін. Trainee self-arranged program бойынша бағдарламаның ұзақтығы 1-ден 18 айға дейін. Premium placement нұсқасы бойынша бағдарламаның ұзақтығы ең аз да, ең көп те 12 ай.