Work and Travel ASIA: сұрақтарға жауаптар
Work and Travel Оңтүстік-Шығыс Азия
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қонақжайлық индустриясында жұмыс істеп, демалысыңызды тиімді өткізіңіз. Сізді люкс қонақүйлер, халықаралық ортада жұмыс тәжірибесі және мансапқа арналған ұсынымдар күтеді.
Бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілінің қандай деңгейі қажет?
Бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілі деңгейі Intermediate-тен төмен болмауы тиіс.
Ағылшын тілі бойынша сұхбаттан өту қиын ба?
Оңай! Сұхбат бағдарламаның демеушісімен Skype арқылы еркін форматта өтеді. Сол кезде демеуші тіл деңгейін, бұрынғы тәжірибені, сондай-ақ қатысушының тағылымдамадан өтуге деген мотивациясын тексереді. Қайда оқисың, нені оқып жүрсің және/немесе оқыдың, неге бағдарлама бойынша барғың келеді деген сұрақтарға нанымды жауап беру — бағдарламаға сәтті қабылданудың алғашқы қадамы болып табылады.
Бағдарламаны қалай төлеуге болады?
IEC келісімшартына қол қойылғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде €300 мөлшеріндегі тіркелу жарнасы төленеді. Бағдарлама құнының екінші бөлігі демеуші жұмыс ұсынысын тауып, қатысушы осы ұсынысты растағаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде төленеді.
Бағдарламаға қатысу мерзімдері қандай?
Бағдарламаға қатысудың ең төменгі мерзімі — 3 ай, ал ең жоғарысы — 4 айға дейін. Жұмыс ұсынысына (job offer) байланысты.
Азияда жұмыс істеу үшін қандай лауазымдар бар?
Асханада, тамақтану саласында, қонақтарды тіркеу және қызмет көрсету, әкімшілік-шаруашылық жұмыстар. Барлығы қатысушының дағдылары мен тәжірибесіне байланысты. Тәжірибесі жеткіліксіз немесе мүлде жоқ қатысушылар неғұрлым білікті жұмысқа (мысалы, менеджер лауазымы) үміт арта алмайды.
Жұмыс кестесі қандай?
Саған артық уақыт жұмыс істеуге дайын болу қажет. Жұмыс сағаттары жұмыс орнына және маусымдылыққа байланысты. Жұмыс туризм мен қонақжайлылық саласына байланысты болғандықтан, қатысушылар күніне 10 сағатқа дейін/аптасына 5-6 күн жұмыс істей алады.
Егер менің жұмыс берушім тұрғын үй ұсынбаса, Азияда тұрғын үйді қалай табамын?
Бұл жағдайда, бағдарламаның демеушісі тұратын орындарды табуға қосымша ақыға көмектесе алады. Құны орналасқан жеріне, мерзіміне және тұрудың өзге де шарттарына байланысты. Алайда, қатысушы тұру мәселесінде икемді болуы тиіс. Қосымша ақпарат және осы қызметтің құны туралы IEC өкілінен білуге болады.
Досым екеуміз бірге барамыз, бір қалада жұмыс істеуге бола ма?
Бұл опция 3 қатысушыға дейінгі шағын топтар үшін мүмкін, бірақ демеуші кепілдік бермейді. Тіркелу кезінде бірге барғың келетін досыңның аты мен тегін көрсету қажет болады.
Азияға қашан ұшуға болады?
Билеттерді тек виза алғаннан кейін және билеттердің күнін бағдарлама демеушісімен алдын ала келісіп барып сатып алу қажет. Тек демеуші тарапынан жазбаша растаудан кейін, қатысушы билетті сатып ала алады.
Мен жұмыс берушіні ауыстыра аламын ба?
Барлық құжаттар нақты бір жұмыс берушінің атына рәсімделеді, жұмыс берушіні өзгертуге болмайды. Жұмыс берушімен қандай да бір келіспеушіліктер туындаған жағдайда, айырбас бағдарламасының қатысушылары демеушімен байланысуы тиіс. Келіспеушіліктің себебіне қарай тиісті шешім қабылданады.