Прагадағы оқу: бағдарламалар
Прагада оқу
Халықаралық білім алыңыз, тілдік дағдыларыңызды жетілдіріңіз және Чехияда оқудың арқасында Еуропаны таныңыз.

Бағдарлама білім деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты тікелей ЖОО-ға қабылдана алмайтын қатысушыларға арналған. Бағдарламаға қатысу барысында студент шет тілін меңгеру деңгейін көтеріп, бейіндік пәндер бойынша емтихандарға дайындалады. Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушы Чехиядағы ЖОО-лардың біріне қабылданады. ЖОО мен оқу бағытын қатысушы бағдарламаға қабылдануға дейін таңдайды.
Қандай бағдарлама бағыттары қолжетімді?
– Курс чех тілі+ағылшын тілі/ ағылшын тілі;
– Чех тілі/ағылшын тілі + Чехиядағы МЕД. ЖОО-ларға түсуге дайындық;
– Ағылшын тілі + чех тілі + дайындық курсы және IELTS емтиханын тапсыру;
– Чехияда медициналық мансапқа кәсіби дайындық;
– Курс чех тілі/ағылшын тілі + Халықаралық Футбол Академиясы.
Бұл бірегей бағдарлама оқуды аяқтағаннан кейін белгілі бір салаларда екі диплом алуға мүмкіндік береді. Көбіне оқу үш жылға созылады, оның екі жылы Чехияда, ал үшінші — басқа елде өтеді. Қатысушылар тек оқып қана қоймай, университеттер ұсынатын түрлі тренингтер мен тағылымдамаларға қатысу мүмкіндігіне де ие. Чехияда оқыған кезеңде студенттер Erasmus, Erasmus+ және т.б. бағдарламаларына қатысып, тағы бір елде тұру тәжірибесін ала алады! Басқа елдердің кейбір университеттері оқуды тағы бір жылға жалғастыру мүмкіндігін ұсынады. Қос диплом бағдарламалары қаржылық тұрғыдан да тиімді — Чехияда өткізілген екі жыл Сізге оқу мен тұру шығындарыңыздың 70%-ына дейін үнемдеуге көмектеседі, өйткені Чехия «арзан» ел. Сондай-ақ, бұл уақытты үнемдеу — небәрі 3 немесе 3,5 жыл ішінде қатысушылар екі диплом және екі бакалавр дәрежесін алады!
Студенттерге арналған жазғы бағдарламалар ұзақтығы 2, 3 апта немесе 1 ай.
Қандай бағдарлама бағыттары қолжетімді?
– Чех тілі + ағылшын;
– Ағылшын тілі;
– Неміс тілі;
– Ағылшын тілі + футбол;
– Fitness Health Academy + ағылшын тілі;
– Теннис + ағылшын;
– Прагада туризм саласында тағылымдама;
– Ағылшын тілі + жазғы КВН лагері;
– Ағылшын тілі + IELTS емтиханына дайындық және тапсыру;
– Прагада жекпе-жек өнері лагері + Ағылшын тілі;
– Прагада жазғы би мектебі + Ағылшын тілі.
Егер толығырақ ақпарат қажет болса, өтінеміз IEC үйлестірушісімен хабарласыңыз.