Кімдер қатыса алады?
✔️ Жасы 18 және одан жоғары
✔️ ЖОО және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері
✔️ Оқуын аяқтағанына 12 айдан аспаған түлектер (Intern)
✔️ Тиісті мамандығы бар және кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандар (Trainee)
✔️ Тиісті дипломы жоқ, бірақ таңдаған саласында кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибесі бар үміткерлер (Trainee)
✔️ Ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгерген (бағдарламаға байланысты Intermediate / Upper-Intermediate)
✔️ Біліміңіз және/немесе кәсіби тәжірибеңіз таңдалған стажировка саласына сәйкес келуі тиіс
Бағдарлама не береді?
Бағдарлама санаттары мен саласына қарай АҚШ-та 12–18 айға дейін созылатын кәсіби стажировкалар.
Түрлі кәсіби салалардағы стажировка мүмкіндіктері:
- Hospitality & Culinary*
- Business & Management
- Marketing & Finance
- IT & Engineering
- Architecture
- Media & Communications
*Hospitality & Culinary — ең кең таралған әрі қолжетімді стажировка саласы!
Бағдарламаның артықшылықтары:
> Америкалық компанияларда, қонақүйлерде және басқа да қабылдаушы ұйымдарда кәсіби тәжірибе жинақтау мүмкіндігі.
> Ақылы стажировкадан өту мүмкіндігі (стипендия мөлшері нақты орналасқан жерге байланысты әртүрлі болады).
> Жеке оқыту жоспары (Training Plan) арқылы кәсіби дағдыларды дамыту.
> Халықаралық тәжірибе және американдық бизнес мәдениетімен тікелей танысу.
> J-1 алмасу бағдарламасына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету.
Бағдарлама түрлері
- Self-Placement – Қатысушылар АҚШ-тағы қабылдаушы ұйымды өзі табады.
- Placement – Бағдарлама демеушісі қатысушыға стажировка орнын табуға көмектеседі. Мүмкіндіктер көбінесе Hospitality & Culinary саласында қолжетімді. Басқа салалар бойынша орындар жеке өтінішті қарағаннан кейін ұсынылуы мүмкін.
Науқан шарттары
🎁 $300 жеңілдік 2026 жылдың 20 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында науқан талаптарын орындай отырып, CETUSA немесе GEC арқылы Internship / Trainee USA бағдарламасына тіркелген қатысушыларға беріледі.
Жеңілдік бағдарлама құнына қолданылады. Түпкілікті құны демеушіге, бағдарлама ұзақтығына, стажировка саласына және таңдалған бағдарлама түріне байланысты болады.
Бағдарламаның барлық басқа шарттары өзгеріссіз қалады.